АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІНЕ 7 ЖЫЛ

Биыл алматы метросына 7 жыл толды. Метрополитеннің даму тарихына үңілсек, метрополитендіктер жасағандарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар жерасты құрылысын одан әрі жалғастырып жатқанын көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының метросы – бұл заманауи экологиялық таза, жайлы және қауіпсіз көлік түрі. Жатық аудандарды орталықпен қосатын ең қауіпсіз метро көлігі 2011 жылдан бастап мегаполис тұрғындарының қалаған жерлеріне жылдам әрі ыңғайлы жетулеріне ықпалын тигізуде. Күнсайын он бір километр жол, тоғыз бекет және 50 мың жолаушы. Бұл  Алматы метросы. Жақында бұл цифрлар әлі де өсетін болады.

Келесі жылы бекеттердің платформалары мен кассалық залдарында ақпарат дисплейлері орнатылатын болады, онда келесі пойыздың келу уақыты көрсетілдеді, сондай-ақ қосымша құрамдарды сатып алуға келісім-шарт жасалады, бұл жолаушылардың жылдам әрі жайлы жүрулеріне көмегін тигізеді. 

Біз Сарыарқа және Достық бекеттерін пайдалануға беруге дайындалып жатырмыз, бұл метрополитенге қосымша қуат береді. Екі бекет ашылғаннан кейін алматылықтар мен қала тұрғындарының орталыққа дейін жетулеріне өте ыңғайлы болады. 

Сарыарқа бекеті терең төселген болғандықтан, оның құрылысына заманауи жабдық және құрылыстың жаңа австриялық тоннель әдісі (ЖАТӘ) қолданылды. ЖАТӘ-нің технологиясы: құрылыстың дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда қысқа мерзімде терең төселген бекеттің негізгі көтеруші конструкцияларын тұрғызуға, сондай-ақ үңгушілердің еңбегін барынша қауіпсіз етуге және  механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта аралық тоннельдердің құрылысы аяқталды, бекеттердің негізгі конструкциялары тұрғызылуда.

Барлық жұмыскерлерді және заманымыздың ең ауқымды жобаларының бірін іске асыруға, метро құрылысына ат салысқан адамдарды құттықтаймыз!

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018