Сегіз пойызды жеткізуге келісімшартқа қол қойылды.

Алматы метросы үшін жолаушылар пойызын жеткізу бойынша «Метрополитен» КМК және «Hundai Rotem» компаниясы арасында өткен сәрсенбіде келісімге қол қойылды. Жалпы құны 71,3 млн. АҚШ доллары тұратын электрпойыздың 32 вагонын сатып алуға салатанатты қол қою іс-шарасы «Hundai Rotem» компаниясының президенті Ким Сынг Таканың, сондай-ақ Қазақстандағы Корея Республикасының бас консулы Джон Сын Миннің қатысуымен өтті.

32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы құрам құралатын болады.

Қазіргі уақытта әрқайсысында төрт вагоннан жеті пойыз пайдаланылуда. Оны арнайы алматы метрополитені үшін оңтүстік кореяның Hundai Rotem компаниясы әзірледі. Төрт вагондық құрамның сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Вагондар қайта жабдықтауды, бекітуді және жөндеуді көп талап етпейтін, 30 жыл бойы қалыпты жағдайда жұмыс істеу үшін жобаланған және құрастырылған.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018