АЛМАТЫ МЕТРОСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 «Метрополитен» КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» АҚ басқарған Ербол Әбілдинов. Бұл жөнінде метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Байқоңыров Қанат таныстырды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018