- ҚАЗ
- РУС
2018 жылдың 01 маусымында «Метрополитен» КМК 15 жасқа дейінгі балалар үшін метромен тегін жол жүруді ұсынады. Бір жолғы акцияны Халықаралық балаларды қорғау күнімен орайластырды. Бұл күні сағат 06.20-дан 23.30-ға дейін балалар метромен тегін жол жүре алады.
Балаларға жол жүру билетін ресімдеу үшін баланың жасын растайтын құжаты болуы тиіс (құжат суреті).
«Халықаралық балаларды қорғау күні» жыл сайын 1 маусымда аталып өтетінін естеріңізге саламыз, 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгрессінің шешімімен құрылған, бірінші рет 1950 жылы аталып өтті.
Толық ақпарат алғыңыз келсе 396-87-76 телефоны бойынша хабарласыңыз.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022