Алматы метросының 10 миллионыншы жолаушысы анықталды

10 миллионшы жолаушы. Бүгінге дейін осынша адамды тасып үлгерген Алматы метросында өзгеше іс-шара өтті. Метрополитен басшылары құрметті жолаушыға тосын сый жасады. 

 

Алматылық Майгүл Әбдіәкімова ойламаған жерден тілшілердің назарына ілікті. Жер асты көлігін жиі пайдаланатын ол метроның 10 миллионыншы жолаушысы атанып, теледидар мен бір жыл бойы тегін жол жүру билетіне ие боламын деп әсте ойламаған еді. 
Майгүл Әбдіәкімова, Алматы қаласының тұрғыны: 

Өзіміз шошып та қалдық. «Милиционер аға келе жатыр», - дейді. «Неге біздің артымыздан келеді»- деп. Өте қуаныштымынҚобалжып тұрмын мынандай күтпеген жаңалыққа. Мына баламыз екеуіміз. 

Іске қосылған алғашқы айда Алматы метросы күніне 25 мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетсе, қазір орта есеппен 15 мыңнан аса адамды тасымалдауда. Олардың дені – орталықта тұратын қала тұрғындары мен алып шаһарға ат басын бұрған қонақтар. Алматының шет жағында тұрақтағандар үшін метро қолайсыз. 

Жоқ ыңғайлы емес, негізінде. Автобус ыңғайлы болады. Өйткені метро тек Жароков пен Ленинаға дейін біз үшін, мысалы. Ал мына бала Ақсайда тұрады. 

Удобно, если бы еще больше станции было, то удобно.  Станциясы аз ғой әлі. Көп жерге жете алмаймыз. Но былай ыңғайлы.  Вроде бы хорошая, но маршрут такой, скажем, незначительный. Другое дело, если бы как можно больше проспектов было задействовано. Чтобы можно было в любой конец города поехать. 
Метрополитен басшылығы: «7 бекеттен тұратын жер асты жолы жақын арада 2 бекетпен толығады», - дейді. Ол «Сайран» мен «Москва» станциялары. Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысына дейін жолаушы тасымалдайтын метроның бекеттері келесі жылы маусым айында пайдалануға берілуі тиіс. 

 

Қыдырәлі Бегасылов, «Метрополитен» КМК директоры: 

Сол екі станция қосылса, біз өзіміз ойлап отырмыз екі есе, үш есе жолаушылардың саны қосылады деп. «Қалқаман» ықшамауданына біздің метрополитен ары қарай ұзарып жатыр. Ол жақ біткеннен кейін, «Райымбек» бекетінен «1-Алматыға» метроны тағы ұзартамыз.  Ең бастысы, бұл бекеттердің де құрылысы Алматы метросының салынуы сияқты ұзарып кетпесе болғаны.  Досжан МАРАТҰЛЫ, телеканал "Астана"

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016