Барлығы сіздер үшін, сүйкімді арулар! | КГП "Метрополитен"

Барлығы сіздер үшін, сүйкімді арулар!

2018 жылдың 6,7,8 наурызында, сағат 14-тен 20-ға дейін, Алматы қаласы метрополитенінің Жібек жолы бекетінде шығармашылық жұмыстар көрмесі өтеді. Хенд мейдтің керемет шеберлері мен қыш жасаушылары сіздерге 3 күндік ғажап әрі жағымды көңіл-күй сыйлайды.

Бекетте орналасқан сиқыршылар сіздермен бірге ертегі әлеміне саяхат жасайды. Былғарыдан жасалған білезіктер мен блокноттар сізді хоббиттер мен гномдар әлеміне апарады, ал формасы бойынша қыштан жасалған ғажайып ыдыстар Алладин шамын еске салады... Тіл-көзден сақтайтын тастар мен матадан тігілген қуыршақтар сізді ертегі әлеміне әкетеді…

Всеволод Демидов және Александр Львович, Оксана Кокасенко, Мария Левченко, Елена Меркер, Анастасия және Оксана Захаровалар, бұлар тек көрме қатысушыларының бір бөлігі ғана.

Перрон баспалдақтарына асыға келе, қадамыңызды бәсеңдетіңіз, жан-жағыңызға қараңыз, әдемілікке кенеліңіз, сүйіктіңізге сыйлық таңдап алыңыз.

 

http://www.metroalmaty.kz/?q=kk/node/2246#

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018