Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Метрополитен» КМК) жолаушылар мен багажды тасымалдау, жобалауды, құрылысты, техникалық қадағалауды, Алматы қаласы метрополитенін пайдалануды бақылау бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, өзінің өндірістік процестерінің қоршаған ортаға экологиялық әсерінің масштабын түсінеді және өзі қызметінің басым бағытының бірі ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау қамқорлығын қояды.
«Метрополитен» КМК ISO 14001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жақсартуды қолдауға және қамтамасыз етуге ниет етуде және осы басымдылықты жүзеге асыру үшін келесі міндеттемелерді қабылдайды:
«Метрополитен» КМК басшылығы өзінің жұмыскерлерінің бейілділігін, бастамашылдығын және кәсіпқойлығын жоғары бағалайды, осы Саясатты барлық деңгейлерде қолдауға сенім артады және Экологиялық саясатты жүзеге асыруды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша міндеттемені өзіне алады.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023