КӘСІБИ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы

"Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

2015-2020 жылдарға арналған

КӘСІБИ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ​

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Метрополитен» КМК) құрылысты, техникалық қадағалауды, метрополитенді пайдалануды (күтіп ұстау, дамыту) ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ  Алматы қаласы метрополитенінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметін жүзеге асыра отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлер мен қоғам алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді.

Осы басымдылықты жүзеге асыру үшін келесі міндеттемелерді қабылдайды:

  • Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау, Қазақстан Республикасы қабылдаған  халықаралық келісімдер,  «Метро» халықаралық қауымдастығы мүшесінің және Қоғамдық көлік халықаралық бірлестігінің міндеттері, сондай-ақ кәсіпорын қызметіне қолданатын басқа да талаптарды сақтау;
  • Кәсіпорын қызметкерлерін кәсіби еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіпорын қызметіндегі барлық  қауіптерді анықтауға және бағалауға жұмылдыру;
  • Қойылған өндірістік тапсырмаларды, метрополитен келушілері мен жолаушыларының қауіпсіздігін іске асырумен айналысатын жұмыскерлердің кәсіби еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қауіптерді басқару;
  • Кәсіби еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында шараларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды уақтылы бөлу;
  • Апаттық жағдай туындаған кезде кәсіпорынның дайындығын қамтамасыз ету;
  • Жұмыскерлерге, регламенттеуші органдарға және барлық қызығушылық танытқан тараптарға кәсіби еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қажетті ақпаратты ұсыну;
  • Кәсіпорынның өндірістік және қаржы көрсеткіштеріне кәсіби еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау көрсеткіштерінің басымдылығын қамтамасыз ету;
  • OHSAS 18001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.

«Метрополитен» КМК басшылығы өзінің жұмыскерлерінің бейілділігін, бастамашылдығын және кәсіпқойлығын жоғары бағалайды және кәсіби еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша міндеттемені өзіне алады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018