Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" стансаларының құрылысы 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады

Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" стансаларының құрылысы 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ал, 2016 жылы бір бағыттағы барлық бекеттер салынып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жер асты көлігімен күніне 22 мың адам жүреді екен. Жаңа бекеттердің жұмысымен танысып, метроның жоспарлы бекеттерін көріп қайтқан тілші материалында.

Ұзындығы 8,3 шақырым болатын метроның қазіргі таңда 7 бекеті тұрақты жұмыс істеп тұрғанмен, қала халқы үшін аса тиімсіз. Себебі, жер асты көлігінің бағыты тым қысқа болып отыр. Осы олқылықты жою үшін басшылық 2013 жылдың соңына дейін, Абай мен Алтынсарин көшесіне қилысатын, тағы 2 станса құрылысын аяқтауды жоспарлауда.

ИСЛАМБЕК ОМАРОВ,«МЕТРОПОЛИТЕН» МКК ҚОЗҒАЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылы Мәскеу, Сайран стансалары іске қосылады. Келесі жылы шілде айында бұл 2 станса толығымен қолданыста болады.

Қазіргі таңда ұзындығы 2,5 шақырым болатын 2 бекеттің катлобаны қазылып, бетоны құйылып біткен. Ал, безендіру жұмысы күзге таман басталмақ. Тағы бір айтары, Мәскеу стансасы Ресей астанасы үлгісінде әрлендірілсе, Сайран бекеті ұлттық нақышта болмақ. Екі бекеттің жылдамдата іске қосылуы үшін 1000- ға жуық жұмыскер үздіксіз қызмет етуде. Жер асты жұмысын жандандыруға Үкімет тарапынан 10 миллиард, ал жергілікті әкімдік 1 миллиард теңге бөлген. 

ИСЛАМБЕК ОМАРОВ, «МЕТРОПОЛИТЕН» МКК ҚОЗҒАЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Өзін- өзі ақтай мәселесіне келетін болсақ, мынау негізі барлық елде рентабльдік көрсеткіш бар. Сол рентабльдік көрсеткіште жолаушылар тасымал өзін өзі ақтаған емес.

Метрополитен іске қосылған күннен бастап 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған. Көпшіліктің көңіліне шығып та жатыр. Десе де, қала халқының өз ұсыныстары да жоқ емес.

Мәскеу бекетінен соң 4 жаңа станция Сарыарқа, Достық, Қалқаман және Автовокзалды қосатын желі салынады. Бұл бекеттер қаланың оңтүстік батысы мен Солтүстігін жалғайтын болады. Яғни, алматылықтар мегополистің арғы басымен бергі басына небар 20 минутта жетеді деген сөз. 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016