- ҚАЗ
- РУС
Қариялар Алматы метросында бір күн тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматыметрополитен» МКК баспасөз қызметінен хабарлағандай, Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады. Қариялар зейнеткерлік құжаттары мен жеке куәліктерін алып жүруі тиіс. Бұл күні метро қызметін 2 мыңға жуық қарт пайдаланады деген болжам бар. Қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айдың басында басталған мерекелік шаралар Алматыда жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қарттар күніне орай мерекелік концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.
http://www.inform.kz/kz/kariyalar-almaty-metrosynda-tegin-zhuredi_a3078024
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023