Алматы метрополитенінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көмек көрсету үшін жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі (бұдан әрі - ЖҚК) бар. Кезекшілер халықтың ұтқырлығы төмен тобына метрополитен бойынша барынша қауіпсіз және жайлы жүруі үшін қызмет көрсетеді:
Кезекші, жолаушы бекет вестибюліне кіргеннен бастап пойыз вагонына отырғанға дейін ілесіп жүреді. Одан кейін өтініш тиісті бекеттегі жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісіне беріледі.
Арбада отыратын мүгедектерді тасымалдауды жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі арнайы көтергіш құрылғыларын пайдалана отырып жүзеге асырады:
Жолаушылар ілесіп жүру өтінішін толтырып, телефон бойынша анағұрлым толық ақпарат ала алады. Метрополитеннің ақпараттық-анықтамалық орталығы: телефондар метрополитенге кіре-берісте және жерасты бекеттерінде орналасқан, тұтқаны алып оператордың жауабын күтіңіз.
Метрополитен қызметкерлері барлық жұмыс уақыты бойы ұтқырлығы төмен жолаушыларға, сондай-ақ қарт адамдарға көмек көрсетеді.
Барлық аталған санаттағы халықтың ұтқырлығы төмен топтарын алып жүру бойынша қызметтер көрсетілетін бекеттер тізімі:
1 желі
|
- Райымбек
- Жібек жолы
- Алмалы
- Абай
- Байқоңыр
- Әуезов атындағы драма театры
- Алатау
- Сайран
- Мәскеу
- Сарыарқа
- Б. Момышұлы
|
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023