Метрополитенде әлемдік және қазақстандық әлеуметтік сурет көрмесі ашылды

2017 жылдың 05 сәуірінде «Мәскеу» бекетінде әлемдік және қазақстандық әлеуметтік сурет көрмесі ашылды.

Осы күндері өтіп жатқан “Make It Clear!’’ әлеуметтік сурет конкурсы аясында «Бауыржан» қайырымдылық қоры жерасты метрода үздік әлеуметтік суреттердің көрсетілімін ұйымдастырды. Жолаушылар әлем суретшілерінің жұмыстарын 19 сәуірге дейін қызықтай алады.

Әлемдік баспа әлеуметтік суреттер көрмесі әлеуметтің негізгі проблемаларын қамтып көрсетеді.

Метро бекетінде осындай көрме ашу идеясы әлеуметтік сурет арқылы адамдардың көңілін аудару, кейде тіпті біздің қоғамның ең өткір проблемаларына көңіл аудару мақсатына негізделген.  Әлеумет проблемалары туралы айту қажет, оны бүгінгі таңда әлеуметтік сурет арқылы істеу әлде қайда жеңіл әрі тиімді. Осылайша, визуалды қабылдау арқылы адамдар қоғамдық сипаттағы проблемаларға көңіл аудара бастайды және бұл адамдардың өзін өзі ұстау моделі өзгеруі мүмкін», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Көрмеге шетелдік авторлар мен қазақстандық суретшілердің                        50 плакаты ұсынылды.

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016