Жаздың ең ыстық айы метро үшін өртті шартты өшіруден басталды

«Метрополитен» КМК-де электржылжымалы құрамда өртті жоюға бағытталған жаттығулар өтті.  

Жаттығуларда ӘАҚҚ қызметінің жеке құрамы, көлік қауіпсіздігі қызметінің, қозғалыс қызметінің, электрмеханикалық құрылғылар қызметінің, жол және тоннельдік имараттар қызметінің, электрдепоның, метрополитендегі ІІБ өкілдері және т.б қатысты.

Жаттығудың негізгі тапсырмаларының бірі «Метрополитен» КМК қызметкерлерінің төтенше жағдайлар салдарын жоюға және зардап шеккендерді құтқаруға дайындығын тексеру болды.

Бүкіл іс- шара шартты түрде 3 кезеңге бөлінді:

  1. Электрпойыз машинисінің, пойыз диспетчерінің, «Э» қызметі диспетчерінің және «ЭҚҚ» қызметінің іс-әрекеттерін пысықтау;
  2. Зардап шеккендерді қабылдау барысында кезекші ауысым қызметкерлерінің ТЖ кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау;
  3. Апатты жою жөніндегі Штабтың ӘАҚҚ-мен, сондай-ақ Алматы қ. ІІД-мен, Алматы қ.ТЖД және т.б өзара әрекет етулерін пысықтау.

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016