Метрополитенде Жеңіс күніне орайластырылған «Қарсы тұрдық. Жеңдік!» көрмесі ашылды.

 

2016 жылғы 07 мамырда Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты Алматы қаласы «Метрополитен» КМК-нің тікелей қатысуымен және қолдауымен «Қарсы тұрдық. Жеңдік!» мұрағаттық қор фотоқұжаттарының көрмесін ашты.

Көрме Жеңіс күні мейрамына орайластырылған және метроның «Мәскеу» бекетіне қойылып көрсетіледі. Бекетті таңдау кездейсоқтық емес. 2015 жылы мұрағат Ресейдегі (Мәскеу қ.) Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен қызықты жобаны жүзеге асырды: мәскеу метрополитенінің «Алма-Атинская» бекетінде «Барлығымызға ортақ жеңіс» атты тасымалды көрмесі қойылып көрсетілді, бұл үшін мұрағат деректі фильмдерді, соғыс жылдарындағы музыканы, фотоқұжаттарды ұсынды. Сондықтан біз Ұлы Отан соғысының (1941-1945 ж.ж.) тарихы бойынша ұқсас көрмені қаламыздағы метроның «Мәскеу» бекетінде өткізуді орынды деп таптық.

Көп ұлтты Қазақстан халқы неміс-фашист басқыншыларымен күресте лайықты үлес қосты. Әскерге 1 миллион 194 мың 164 қазақстандықтар шақыртылды. Қазақстан аумағында 12 атқыштар және 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, шамамен 50-дей жеке полк және батальон құрамасы қалыптасты.

Көрме бірден бірнеше мақсаттарды қамтиды: патриоттық тәрбие және мәдени-тарихи білім, біздің мемлекетіміздің даңқты тарихына құрметті қарым-қатынасты қалыптастырады.

Ешкім және ештеңе ұмыт қалмады. Біз соғыс майдандарында шайқасқандардың, тылдағы Жеңіске қолжеткізгендердің барлығын құрмет тұтамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз!

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016