«Метрополитен» КМК-нің әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі Алматы қаласында су басу салдарын жоюға қатысты

Бір тәулік ішінде метрополитен құтқарушылары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласының Алатау және Жетісу аудандарында су басумен күресті.

Жалпы авариядан құтқару жұмыстарына 14 метро қызметкері қатысты. Жұмыс кезінде олар 30 тұрғын үйден 1400 текше метр су шығарды.

Құтқару операциясы барысында қосымша жабдық – батпақ мотопомпаларын, сорғыш құбыртүтіктерді, өрт сөндіру құбыртүтіктерін, сондай-ақ шұғыл әрекет ететін автокөлікті пайдаланды.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылғы 29 сәуірде мол жауын-шашыннан Қарғалы өзенінің деңгейі көтеріліп, соның салдарынан қаланың төменгі аудандарын су басқан болатын.

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016