«Метрополитен» КМК-да «Наурыз» мейрамына арналған спартакиаданың жабылуы өтті.

2016 жылғы 20 сәуірде «Метрополитен» КМК-нің дене шынықтыру- сауықтыру орталығында «Наурыз» мейрамына арналып жүргізілген жарыстардың салтанатты жабылуы өтті. Бір ай ішінде метрополитен мамандары волейбол, мини-фотбол, үстел теннисі және шахматтар сияқты спорт түрлерінде жарысты. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақыларды «Метрополитен» КМК-нің бас инженері Нұрғали Үсенов табыс етті.  

 «Спорт адамның ең жақсы қасиеттерін: мақсатқа талпынушылыққа, батылдылыққа және командада бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді. Бұл қасиеттер сендерге тек спортта ғана емес, сонымен бірге кәсіби жеңістерге жетуге көмектесетініне мен сенімдімін. Біздің кәсіпорнымыз үшін мұндай жарыстарды өткізу өте маңызды, себебі олар қызметкерлерді біріктіреді, ұжымдық рухты нығайтады және саламатты өмір салтына жетелейді. Қазіргі таңда ДСО-ға келетіндер санының өсуін байқадық. Әр апта сайын спорт кешенінің қызметтерін метрополитеннің шамамен 500 қызметкері пайдаланады. Болашақта бұл санның өсуіне сенемін. Өз тарапымыздан сіздерді қолдаймыз және спорт турнирлерін өткіземіз», - деді Н.Үсенов.      

Іс-шараның соңында жеңімпаздар мен турнир қатысушыларына арнап «Гүлдер» ансамблі мен «91» тобы өз өнерлерін көрсетті. 

 

 

 

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019