Тақырыбы: Алматы қаласы метрополитені вагондарында азаматтардың жекелеген санаттарына арналған орындар пайда болды

2016 жылдың 06 сәуірінен бастап Алматы қаласы метрополитенінде азаматтардың белгілі санаттары – мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және балалы жолаушыларға арналған арнайы орындар бөлінді.Жолаушылар арнайы бөлінген орындарды вагондардың шеткі орындықтарының төбесіне жабыстырылған ақпараттық баннерлер бойынша біле алады. Метрополитеннің бүкіл жылжымалы құрамында барлығы 168 орын қарастырылған.

 «Біз қазір жолаушылар ағымының көбейгенін бақылаудамыз. Қазіргі кезде метро күніне 41 мыңнан астам жолаушыларды тасымалдайды. Осыған байланысты мүгедектердің, зейнеткерлердің, жүкті әйелдердің, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылардың отыруына басымдық беретін арнайы орындар бөлу шешімін қабылдадық. Белгілердің астындағы орындарға жолаушылардың барлығы отыра алады. Дегенмен, өз тарапымыздан, бәрінен арнайы орындарды аталған санаттағы жолаушыларға беруді сұраймыз»,- деп «Метрополитен» КМК директоры Айдын Оразханов атап өтті

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019