«Метрополитен» КМК көзі нашар көретін жолаушылар үшін сайт нұсқасын іске қосты

2016 жылғы 25 наурызда Алматы қ. «Метрополитен» КМК көзі нашар көретін жолаушылар үшін сайт нұсқасын іске қосты.

Сайтты пайдаланушылардың ыңғайлы жұмысы үшін ақпарат қолжетімді, көрнекі және түсінікті үлгіде салынған. Енді көзі нашар көретін жолаушылар метро туралы жаңалықтар оқи алады, метрополитенді пайдалану ережелерімен таныса алады, сондай-ақ директорға сұрақ қоя алады.

Сайттың арнайы нұсқасында мәтін шрифтін өзгерту, бет фонының түсін таңдау мүмкіндігі бар, бұл ретте шрифт түсі фон түсіне байланысты өзгереді.

Көзі нашар көретіндер үшін  www.metroalmaty.kz сайтының нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019