Алматы қ. метрополитенінің пойыздарын тұмау мен ЖРВЖ (жіті респираторлық вирустық жұқпалар) алдын алу үшін ультракүлгінмен өңдейді.

Алматы метрополитені тұмау мен ЖРВЖ таралуымен күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Метродағы жолаушылар ағыны тәулігіне 40 мыңға дейін көбейді, сондықтан біз өзіміздің жағынан жолаушыларымызды қауіпсіздендіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Күн сайын бекеттер мен пойыздарды арнайы заттармен зарарсыздандырамыз. Отырғыштар, тұтқалар мен турникеттер қолмен жуылады. Қазір вагондарды қосымша бактерицидтік шамдармен өңдей бастадық»,- деп айтып өтті «Метрополитен» КМК-нің директоры Айдын Оразханов.

Бұдан басқа, метрополитенде қызметкерлердің денсаулықтарына да  медициналық бақылау күшейтілді. Бекеттерде медициналық пункттер жұмыс істейді, онда метрополитеннің барлық қызметкерлері вирусқа қарсы заттарды (оксолин жақпамайын) қолданып, қорғаныс, бір рет пайдаланылатын бетперделерді киіп, оттекті коктейлдер мен дәрумендерді ішеді. Күн сайын жер асты көлігінің жұмыскерлері ауысым жұмысы алдында, рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексерістен өтеді. ЖРВЖ және тұмау белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Жұмыскерлердің иммунитетін көтеру үшін «Метрополитен» КМК-де дене шынықтыру-сауықтыру орталығы қызмет істейтінін, онда жүзу,  футбол, волейбол, тренажер залы, үстелдік теннис, шейпинг бағдарламасы сияқты спорт секциялары бар екенін атап өту керек.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019