Алматы қ. метрополитені 2015 жылға жұмыс қорытындысын жасады.

Өткен жылға «Метрополитен» КМК жолаушыларды толық көлемде тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 2015 жылғы сәуірде  «Сайран» және «Мәскеу» екі жаңа бекет іске қосылды. Метрополитен желісінің ұзындығы 11,3 км дейін созылды, бұл жолаушылар ағының көбеюіне оң әсерін тигізді.

2015 жылы жерасты көлігін 10 млн. астам жолаушы пайдаланды (күн сайын 40 мың шамасында). Бұл 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3 млн.  көп.

Сонымен бірге, өткен жылы 215 аз әрекетті жолаушыға қызмет көрсетілді. Метроның барлық бекеттеріне жанасу навигациясын орнату жолымен, көзі көрмейтін адамдарды тасымалдау  проблемасы шешілді. 

Қауіпсіздік - «Метрополитен» КМК-нің алдында тұрған маңызды тапсырмалардың бірі. Барлық бекеттерде тексеру жабдығы орнатылған: аркалық металдетекторлар, қолмен металл іздегіштер, жарылудан қорғауға арналған құрылғылар, рентген-телевизиялық қондырғылар және жарылғыш және есірткілік заттарды іздеудің қол детекторлары.

Қазіргі кезде метрополитенде 29 қауіпсіздік жүйесі жұмыс істейді. Бейне бақылау барлық бекеттерде және жылжымалы құрамдарда тұр, кинологтар жұмыс істейді. Бұдан басқа, өткен жылы «Метрополитен» КМК-де көлік қауіпсіздігі қызметі құрылды, мұндағы қызметкерлер тәулік бойы қадағалау жұмысын істейді.

Алғашқы рет 2015 жылы әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің базасында метроның жеке мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі құрылды. Қазіргі уақытта ол құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған барлық қажетті заттармен жабдықталған.

Алматының жас метрополитенінің даму тарихындағы тағы бір инновациялық қадам  - ол жол жүруді банк карталарымен төлеудің балама жүйесін енгізу. Халықаралық төлем технологиясын пайдалана отырып, осы жобаны жүзеге асырудың арқасында метрополитенді пайдалану одан әрі қолайлы бола түсті. Алматы қаласының жолаушыларына және мегаполис қонақтарына жетондар сатып алу үшін ақша алатын банкоматтар немесе валюта айырбастайтын орындарды  іздеудің қажеті жоқ, жол жүру ақысын турникеттің өзінде контактісіз банк картасымен төлеуге болады.

Метрополитеннің күн сайынғы үзіліссіз жұмысын кәсіпорын жұмыскерлері қамтамасыз етеді.  Бүгінгі таңда «Метрополитен» КМК-де шамамен 1400 адам еңбек етеді және жерасты көлігінің қызметкерлері үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

2015 жылы  40 қыметкер жаңа көп пәтерлі үйден қызметтік пәтерлерді алды. Бұдан басқа, метро мамандары үшін дене шынықтыру-сауықтыру орталығы (ДСО) құрылды, оның аумағында бассейн, тренажер залы, футбол алаңы, сауна, бильярд, үстел теннисі бар. Бір жылда ДСО-ға 27 мыңнан астам адамның келуі тіркелді. Сондай-ақ бірінші рет метрополитенде қызметкерлер үшін асхана ашылды. 2015 жылдың аяғында толығымен заманауи жабдықпен жабдықталған, оқу орталығы жұмыс істеп кетті.  

«Осы жыл біз үшін көптеген көрсеткіштері бойынша табысты жыл болдыметро үшін бірқатар маңызды жобаларды аяқтадық. Бірінші кезекте - қауіпсіздік. 2015 жылы кәсіпорын бойынша  күйреулер, авариялар және ақаулар болған жоқ. Сондай-ақ біз болашақта Алматы жолаушыларының амандығы мен жайлылығы үшін жаңа, перспективалық мәселелерді шешуді қолға алдық.»,- деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің директоры Айдын Оразханов.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019