Жаңа жыл қарсаңында метрополитеннің «Мәскеу» бекетінде «Әлем - балалардың көзімен» атты балалар суреттерінің көрмесі ашылды. Экспозицияға «Арт-Фаворит» бейнелеу өнері студиясы оқушыларының 100-ге жуық жұмыстары қойылды.

Балалар суретінің көрмесінде әртүрлі тақырыптағы: жаңа жыл, туған жер табиғаты, натюрморттар және т.б. жұмыстар қойылды. Жас суретшілер жұмыстарында сюжет қарапайымдылығы мен ой еркіндігі  балалардың әлемді өздерінше ұғынуымен үйлеседі.

Ұйымдастырушылар барлық келушілерді жас суретшілердің, олардың ішіндегі ең жасы 4-те, жұмыстарын көруге  шақырады. Экспозиция 2016 ж. 28 қаңтарына дейін созылады.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019