ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Метрополитен» КМК-ге келді.

2015 ж. 13 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі жұмыс сапарымен «Метрополитен» КМК-ге келді.

Тамара Дүйсенова метро қызметкерлерімен кездесті, жаңа Еңбек Кодексінің нормаларын түсіндірді, азаматтық қызметшілердің төлем жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.

Өз тарапынан, «Метрополитен» КМК-нің директоры А.Оразханов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенованы кәсіпорын үшін аса маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

А. Оразханов өзінің сөйлеген сөзінде, метро - Алматы қаласының аса ірі кәсіпорындарының бірі екенін, атап өтті. Бүгінгі күнде метрополитен қызметкерлерінің саны - 1 341 адамды құрайды, соның ішінде 880 еркек және 461 әйел. Олардың 802 қызметкері (59,8%) – жоғары білімді, 237 қызметкері (17,7%) - орта кәсіби білімді және 302 қызметкері (22,5%) - орта білімді.

Біз жаңа Еңбек Кодексінің жобасын толықтай талқыладық. Өзгерістер жеткілікті.

            «Осы жылы ұжымдық шарттың мерзімі аяқталуда. Жаңасын әзірлеуге біз қыркүйек айынан бастап кірістік. Жаңа шарттың басты мақсаты – өзіміздің қызметкерлердің жағдайын нашарлатпау. Біз көп тармақтарды өзгеріссіз қалдырдық және жаңа Еңбек Кодексінің заңдық күшіне енуін күтудеміз, мұнда жасалатын жеке ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы оларды кеңейту мүмкіндігімен базалық еңбек кепілдіктері және құқықтары бекітілген. Осыдан барып, келісімдердің, ұжымдық шарттардың рөлі едәуір артады»,- деп атап өтті директор.

            Метроның қатардағы және талқылауға белсенді қатысқан қызметкерлердің пікірі бойынша, жобаны әзірлеушілерге либералдық еңбек қатынастарының қағидалық жаңа моделін қалыптастырудың жолы түсті.

            2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін пайдалануға енгізілгенін естеріңізге саламыз. Метрополитеннің бірінші кезегінің ұзындығы 8,56 км құрайды және оған жеті бекет кіреді. Бұл: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов ат. драмтеатр» және «Алатау». Бірінші кезектегі желі Райымбек даңғылынан Фурманов көшесінен Абай даңғылына дейін, және одан әрі батыс бағытта Гагарин даңғылына дейін кері айналыммен орналасқан. 2015 жылғы 18 сәуірде Елбасы, метроның ұзындығы 2,74 км құрайтын, батыс бағытта Гагарин даңғылынан Алтынсарин даңғылына дейін созылып жатқан екі жаңа «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерін ашты және іске қосты.

Метрополитен желісінің «Райымбек батыр» бекетінен «Мәскеу» бекетіне дейінгі жалпы ұзындығы 11,3 км құрайды, жол жүруге кететін уақыт 22 минутты құрайды. Екі жаңа бекет ашылғанға дейін орта тәуліктік жол ағыны 24-25 мың адам құраған, «Сайран» және «Мәскеу» бекеттердің ашылуымен байланысты 40 мың адамға дейін өсті.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019