Метро балалар көзімен.

22 қазанда 16.00-де Алматы қ. метрополитенінің «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекетінде «Менің сүйікті Қазақстаным» атты балалар шығармашылығы көрмесі ашылады – Алматы қ. «Метрополитен» КМК мен «Алые паруса» бала шығармашылығы студиясының алғашқы бірлескен жобасы.

Қаламыздың белсенді шығармашылық өмірі «Алые паруса» студиясының шәкірттерін Отанымыздың әрбір түкпіріне арналған жарқын және әрқилы жұмыстарды жасауға шабыттандырды. Бұл Ақтау, Атырау, елордамыз – Астана және әлбетте біздің сүйікті Алматы. Алматы – балалардың жұмыстарындағы ерекше танымал қала. Өйткені суретшілердің көбі осында туып, өсіп және есейетіндіктен шығар. Жас суретшілердің жұмыстарында қаламыздың жанға жақын және танымал орындары, ғимараттары, көшелері, алаңдары және саябақтары бейнеленген. Жұмыстардың бір бөлігі Алматы қаласының метросына арналған. Балалар тек қазіргіні салмай, болашақтың метросын, оның сыртқы келбеті мен жеке бекеттерін қиялдайды және көрсетеді.

Жұмыстарда жас қала тұрғындарының қала өткеніне, қазіргісіне және болашағына көзқарасын көрсетеді. Жарықтың су тамшыларында сынуы мен шағылысуы кемпірқосақты тудырады. Бала санасында қиял мен шындықтың шағылысуы, әсерлі және шынайы суреттерге айналды – жас суретшінің қоршаған әлеммен сыр шертісуі. Жұмыстар әртүрлі техникада орындалған. Сондай-ақ көрме қатысушыларының жасы да әртүрлі. Ең кішілері – үш жасқа да толмаған Омельченко Федор мен Наумов Елисей.

«Менің сүйікті Қазақстаным» көрмесінің басты идеясы – өскелең ұрпаққа Отанына деген махаббат пен мақтанышты тәрбиелеу, ҚР қалалары жөнінде білімді көпшілікке тарату, біз тұратын қаланың өткеніне және қазіргісіне ықыласты қарауды дамыту.

Көрмеде студия шәкірттерінің 60 аса шығармашылық жұмыстары ұсынылатын болады.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022