Алматы метросындағы әлемдік әлеуметтік жарнама

2015 жылдың 20 қазанында «Байқоңыр» бекетінде әлемдік әлеуметтік жарнама көрмесі ашылады. Жер астында әлеуметтік плакаттарды көрсетуді «Бауыржан» қайырымдылық қоры, осы күндері өтіп жатқан “Make It Clear! Әлеуметтік жарнама конкурсы шеңберінде ұйымдастырады. Әлемдік жарнамашы-дизайнерлердің жұмыстарын, жолаушылар             30 қазанға дейін тамашалай алады. Әлемдік әлеуметтік баспа жарнама көрмесі жол жүру ережелерін бұзу, экологияның ластануы, маскүнемдік, темекі шегу сияқты социумның негізгі мәселелерін сипаттайды. Әлеуметтік жарнаманың принципі, көрмені ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, адам өмірін жеңілдету және бұл үшін әр қазақстандық не істей алады деген мәселенің соңына түсу. Көрмеге бүкіл әлемнен авторлардың 55 плакаты ұсынылады, олардың ішінде әлеуметтік жобалар мен компаниялар бар. Сондай-ақ, көрмеде өзінің қызмет ету кезінде Ресейдің әлеуметтік жарнамасының «белсенді ілгері бастырушысы» атағына ие болған, ресейлік «Все равно?!» әлеуметтік жарнама жобасының жұмыстарымен танысуға болады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022