24 шілдеде «Мәскеу» бекетінде (Абай даңғылы бойында, Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының ортасында) «Шеберлер қаласы» көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеге Ресей (Евтифеева Натальяның кестелері), Украина (Иван Варейчук, Андрей Чубарев және Александр Кочубей) және Қазақстан (Бабич Евгении, Еремина Галина, Дмитрий Шорохов, Рустам Мингазов) авторларының жұмыстары қойылды.
Бұдан басқа, көрмеге Дубайдағы конкурс жеңімпазы, «Вернисаж» Мәдениет және ағарту МКМ көрмелерінің директоры, дизайнері, безендірушісі, Қазақстан Республикасының Суретшілер мүшесі – Анна Петракованың жұмыстары қойылады. Аннаның жиырмаға жуық жеке көрмелері өткізілген, сонымен бірге ол 40-тан астам топтық көрмелерге қатысқан. Оның жұмыстары Грекияның, Малайзияның, Швейцарияның, Англияның, Жапонияның, Германияның, Түркияның, Францияның, Қытайдың, АҚШ-тың, Украинаның және Ресейдің жеке коллекцияларында орын алған.
Көрме «Гильдия Города Мастеров» көрмесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрменің ашылуында көркем суреттен мастер-класс өтті.
Көрме 2015 ж. 24 шілдеден 24 тамызға дейін өтеді.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023