Алматы қаласының метрополитенінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған көрме ашылды

Құрметті жолаушылар! 

Алматы қаласының тарихи мұражайы мен «Метрополитен» КМК Ұлы Отан соғысы жылдары біздің Отанымызды ерлікпен қорғап, соғысқан жауынгерлерге арналған «Эхо прошедшей войны» көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеге Алматы қаласының тарихи мұражайы мен мұрағаттары қорынан алынған сирек кездесетін соғыс жылдарындағы фотоқұжаттық материалдар қойылған.

Көрменің салтанатты ашылуы 6 мамырда метроның «Мәскеу» бекетінде өтті, оған тарихшылар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақыртылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары метроның «Мәскеу» бекетіндегі көрме экспонаттарын 2015 жылдың 30 мамырына дейін көре алады, бекет мына мекенжайы бойынша: Абай даңғылының бойымен Алтынсарин даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің ортасында орналасқан. Бекеттің жұмыс істеу уақыты: сағат таңғы 6.20-дан түнгі 23.30-ға дейін.

Сондай-ақ көрме аясында метроның «Байқоңыр» бекетінде мамырдың аяғына дейін Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты қорынан алынған соғыс жылдарындағы кинохроникалардың бірегей кадрларымен деректі фильм көрсетіледі.

Көрменің бас демеушісі «Сбербанк» АҚ ЕБ. 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022