Алматы метрополитеннің жана бекеттері ашылды

 

18 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы метрополитенінің екі жаңа бекетін ашты.

"Мәскеу " бекеті Абай даңғылының астымен Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасқан. Платформа ұзындығы - 74 м, биіктігі - 11,5, ені 23,5 м, сондай-ақ бекетте 2 лифт және 8 эскалатор жұмыс істейтін болады.

"Мәскеу" бекеті интерьерінің дизайны Кремл қабырғалары тақырыбында жасалған. Қызыл түс көп орын алған. Қазақстандық өнімдер - гранит, мәрмәр, травертин әрлеу материалдары барынша көп қолданылған.

"Сайран" бекеті Абай даңғылының астымен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан. Платформа ұзындығы - 74 м, биіктігі - 11,5, ені 22,5 м, сондай-ақ бекетте 2 лифт және 8 эскалатор жұмыс істейтін болады. 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022