Құрметті жолаушылар! Бүгін «Абай» бекетінде «Наурыз мейрамын» тойлау қарсаңына орай, сыйлықтар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеге тоқыма матадан, киізден жасалған бұйымдар, күміс бұйымдар, бірегей сувенирлер, сондай-ақ қолдан жасалған әшекей бұйымдар, құмыралар және ыдыстар, музыкалық аспаптар қойылған. Жәрмеңке 19-20 наурызда жұмыс істейді, сағат 15.00-ден 19.00 дейін. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023