Құрметті жолаушылар! Сіздерді көрмеге шақырамыз!
Көрмеге 250 астам театр экспонаттары қойылады. Олар: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жастар театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және «Сезам» қуыршақтар театры.
Көрме 2015 жылғы наурыз айының 13-нен 20-на дейін жалғасады.
Көрменің салтанатты ашылуы 13 наурызда сағат 11.00 басталады. Іс-шара барысында театр әртістері өз театр репертуарларынан ең үздік театр қойылымдарының үзінділерін көрсетеді.
Көрме 27 наурызда Дүнижүзілік театр күнін атап өтетін дәстүрлі күнге орай ұйымдастырылған.
Көрме мақсаты: Метрополитен жолаушыларын Алматы қаласының театр мәдениетімен және театр тарихымен таныстыру, сондай-ақ театрды көпшілікке танымал ету.
Іс-шара ұйымдастырушылары: «Метрополитен» КМК, «Қаламгер азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023