Құрметті жолаушылар, көктем келіп, күннен күнге ауа-райы жылынып келеді, жақын арада оңтүстік астанамызда барлығы қайтадан велосипедке мініп, роликтер, скейттер мен самокаттар тебе бастайды. Сондықтан, біз қауіпсіздік мақсатында алматы метросында роликтер, велосипедтер мен самокаттарды тебуге тыйым салынатынын еске саламыз.
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпан № 1/1-283 қаулысы Алматы қаласының Әуезов ауданында метрополитен желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2019 жылғы 10 қаңтардағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Биыл алматы метросына 7 жыл толды. Метрополитеннің даму тарихына үңілсек, метрополитендіктер жасағандарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар жерасты құрылысын одан әрі жалғастырып жатқанын көріп отырмыз.
Көптеген жолаушылардың сұраныстары бойынша ағымдағы жылдың 12 қарашасынан алматы метрополитені жаңа жұмыс режіміне өтеді - сағат 06:20-дан 24:00-ге дейін.
Сондай-ақ біз мегаполис тұрғындары үшін метроны пайдаланудың барынша жайлы жағдайларын жасауға бағытталып отырмыз. Келесі жылы метрополитен бекеттерінің платформалары мен кассалық залдарында келесі пойыздың келгеніне дейін уақыты көрсетілген ақпарат-дисплейлер орнатылатын болады.
24 қазанда Алматы метросы үшін сегіз электрпойызды жеткізу шартына қол қойылғанын да естеріңізге салып өтеміз.
Алматы метросы үшін жолаушылар пойызын жеткізу бойынша «Метрополитен» КМК және «Hundai Rotem» компаниясы арасында өткен сәрсенбіде келісімге қол қойылды. Жалпы құны 71,3 млн. АҚШ доллары тұратын электрпойыздың 32 вагонын сатып алуға салатанатты қол қою іс-шарасы «Hundai Rotem» компаниясының президенті Ким Сынг Таканың, сондай-ақ Қазақстандағы Корея Республикасының бас консулы Джон Сын Миннің қатысуымен өтті.
Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен байланысты 2018 жылдың 08 маусымынан 13 маусымына дейін Сайран бекетінің №3 кіре-берісі (Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысы) жабық болады.
Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен байланысты 2018 жылдың 05 маусымынан 10 маусымына дейін Сайран бекетінің №4 кіре-берісі (Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысы) жабық болады.