«Бүгінгі күнде көтергішті пайдалану үшін метрополитеннің қызметкерін шақырту қажет. Жаңа бекеттерде лифтілер, еңісті көтергіштер платформаға дейін былай жасалатын болады, халықтың қауқары аз тобы, қарт адамдар және балалары бар арба сүйреткен жолаушылар кезекшінің көмегінсіз платформаға дейін өздері жете алатындай болады. Бұл ретте, орнатылған жабдық пен материалдар қауіпсіздік, ыңғайлылық және сапа саласында барлық халықаралық талаптарға жауап береді», - деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің директоры Ербол Әбілдинов.
«Метрополитен» КМК Алмалы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады, оларға естелік сыйлықтар, азық-түлік себеттерін беріп, жылы лебіздерін білдірді. Жеңіс жауынгерлерін олардың ерліктері үшін, ашық аспанымыз үшін, азат елде өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымыз үшін құттықтады. Болашақта осындай кездесулер дәстүрге айналады деген сенімдеміз.
2019 жылы мамырдың 3-нен 4-не қараған түні Алматы қаласы метрополитенінің «Әуезов ат. драма театры» бекетінде «Метрополитен бекетінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізген кезде Азаматтық қорғаныстың басқару органдары, күштері мен құралдарының іс-қимылдары және апат салдарларын жою» тақырыбында қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.
Екінші «кедергісіз (тосқауылсыз) кіре-беріс» қала тұрғындарының, әсіресе жастардың ыңғайлылығы үшін «Абай» бекетіне орнатылды. «Алматы - адалдық алаңы» жобалау офисі мен метрополитеннің бастамасы бойынша енгізілген кедергісіз (тосқауылсыз) өту жүйесі «Абай» бекетінде өзінің логикалық жалғасын тапты, мұндағы қызметтерді күн сайын 4-5 мың шамасындағы адам пайдаланады, осы бекеттің жанында көптеген жоғары оқу орындары болғандықтан жолаушылардың көпшілігі студенттер болып табылады.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен метроның «Жібек жолы» бекетінде тегін Wi-Fi іске қосылды, бұл туралы "Метрополитен" КМК-нің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазіргі кезде желіге тек бір бекет қосылды, бірақ ағымдағы жылдың қазан айына дейін қалған сегіз бекет кезеңмен қосылатын болады.