Карантиннің босаңсуына байланысты қоғамдық көлікте, соның ішінде #метроалматы жолаушылардың саны өсуде. Дегенмен, метрополитен санитарлық-зарарсыздандыру шараларын күшейте отырып жұмыс істеуде.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу аясында метрополитенде қолды жуу және өңдеу үшін санитайзерлер мен антисептикалық сұйықтықты сатып алу және орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Жақын арада бұл заттар қоғамдық пайдалану үшін ұсынылатын болады. Сол сияқты пойыздар мен бекеттерге қосымша санитарлық өңдеу жүргізілетін болады.
Оңтүстік астана символдарының бірі – метрополитенге 8 жыл.
Метроның туған күні 1 желтоқсан. 8 жыл бұрын осы күні алматы метрополитенініің жеті бекеті өз есіктерін қонақжайлылықпен айқара ашты. Жиылған жұрт жапатармағай кірген болатын.
2019 жылдың 28 қарашасында сағат 11:00-де Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Метрополитен» КМК басшылығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған фотокөрмені ашты. «Байқоңыр» метробекетінде орналастырылған көрмеде Елбасының 2019 жылы жастармен бірге түскен суреттері қойылған.
Метрополитенде пойыздың келу уақытын есептеудің автоматтандырылған жүйесі ендірілді. Интервал уақыттарының мониторлары метроның барлық платформаларында, сондай-ақ бекеттердің әрбір вестибюлінде орнатылған. Табло метрополитен жолаушыларын келесі пойыз келгенге дейін қалған уақыт (уақытты кері санау), ағымдағы күні/уақыты туралы ақпарат беруге арналған.
Бауыржан Момышұлы көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы инженерлік желілердің авариялық жағдайымен байланысты ШЖҚ «Алматы-Су» МКК суқұбыры трассасын төсеу бойынша қосымша жұмыс көлемін орындау қажеттігі туралы хабардар етті, бұл өз кезегінде осы объектідегі құрылыс мерзімі 2019 жылдың 13 қыркүйегіне дейін созылуын талап етеді.