Метрода ылғалды тазарту және дезинфекциялау әр үш сағат сайын жүргізіледі, эскалатордың тұтқаларына, сүйеніштеріне, есік тұтқаларына ерекше назар аударылады. Вагондар әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Өңдеу үшін вирусқа қарсы белсенділігі жоғары заттар қолданылады.
Дезинфекция кезінде лифт кабиналарына ерекше назар аударылады, мұнда әр үш сағат сайын еден жабындары, қабырғалар, батырмалар мен басқару панельдері арнайы заттармен жуылады.
2020 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласы метрополитенінің «Мәскеу» бекетінде «Biz birgemiz» көрмесі ашылды. «Еріктілер жылы» аясында «Jas otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы метрода әлеуметтік фотосуреттерді көрсетуді ұйымдастырды.
Көрмеде Сovid-19 жаhандық пандемиясымен күреске қатысқан еріктілер ұйымдарының фотосуреттері ұсынылған. Фотокөрме 7 қарашаға дейін жалғасады.
Іс-шараның мақсаты дүниежүзілік пандемия кезінде өздерін белсенді көрсеткен барлық еріктілер мен еріктілер ұйымдарына алғыс білдіру болып табылады.
Алматы қаласы «Метрополитен» КМК –де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша online-кеңес өтті.
Алматылықтар қала метрополитенінің эскалаторлық лайтбокстарында ақ халатты батырларды көре алады.
Алматы қаласының әкімдігі пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет белгісі ретінде «Алматы ынтымақтастық» көрмесін ұйымдастырды.
Көрме Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Онда қиын кезеңдерде азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана көрсетілген.
Құрметті жолаушылар, метроға түспес бұрын маска мен перчатка киіңіз, үлкен топ болып жиналмаңыздар және арақашықтықты сақтаңыздар. Өзіңіз және жақындарыңыз сақтанып жүріңіздер!
«Жол жүру ақысын Samsung Pay сервисі арқылы Mastercard картасымен байланыссыз, телефон, ақылды сағаттар және т. б. сияқты мобильді құрылғылардың көмегімен төлеп, Метромен 5 теңгеге жүру» промо-акциясы.
Акция 2020 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, жол жүру ақысы MasterCard картасымен байланыстырылған Алматы қаласы метрополитенінің турникеттеріне бір рет басу арқылы төленеді.
Акция кезінде қатысушыларға метрополитенде жол жүру ақысын жеңілдікпен 75 теңге төлеу мүмкіндігі беріледі.