1 маусым-балалар үшін жол жүру тегін

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай метрополитенде 7-15 жас аралығындағы балалар үшін жол жүру тегін.

Б. Сағынтаев метроның жаңа бекеттерінің құрылыс барысын тексерді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев екінші бастау кешені мен «Сарыарқа» және «Достық» бекеттерінің құрылыс мәселелері бойынша көшпелі жұмыс кеңесін өткізді.

Мегаполис әкімі бекеттерді абаттандыру, жолдарды төсеу және тоннелдерді ұңғылау жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді. Б. Сағынтаев туындаған мәселелерді жедел шешуді және тек қала ғана емес, еліміз үшін де маңызды осынау ауқымды құрылысты аяқтау үшін күш-жігерді біріктіруді тапсырды.

«Метрополитен» КМК сыбайлас жемқорлыққа және басқа заңсыз әрекеттерге жол бергеніне немесе жасырғанына мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.

«Метрополитен» КМК сыбайлас жемқорлыққа және басқа заңсыз әрекеттерге жол бергеніне немесе жасырғанына мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.

Кәсіпорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу құралын енгізді. Ішкі бақылау бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік қызметінің функцияларын орындау үшін тағайындалды.

Алматы метрополитенінің барлық бекеттері Wi-fi-мен жабдықталған

Ақысыз WI-FI барлық метро бекеттерінде қосылған. Байланыс метроға кіре-берісте, бекетке түскенге дейін жасалуы керек.
WI-FI-ға қолжеткізу үшін METRO желісіне қосылу қажет.WI-FI пайдаланушыны сәйкестендіру парағына автоматты түрде бағыттайды. Одан кейін сіз ашылатын өріске телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек.
«Қала метрополитенінде ақысыз Wi-Fi-ға қолжетімдік біздің жолаушылар үшін жақсы сыйлық болды» - деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің баспасөз қызметінде.

Құрметті алматылықтар!

Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдағы демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көлік жұмысы дүйсенбі, 15 наурыз күні жоспарлы түрде қайта жандандырылады.

Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы туралы

2021 жылдың 8 наурызында Республикалық QAZBILIM орталығының ұйымдастыруымен Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы Метрополитенде барлық мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы өтеді.

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023