"Метрополитен" КМК-нің әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің командасы Алматы қаласының құтқаруды қалыптастыру және өрт қызметінің құрама командаларының арасындағы футбол турнирінде бірінші орын алды.
Турнирді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік басқармасы ұйымдастырған. Турнирге 21 команда қатысқан.
Біз Сіздерге арнап тегін қалта карталарын шығардық. Картада метро желісінің өтетін жерлері, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласының басты көрікті жерлері көрсетілген.
Құрметті жолаушылар! Бүгін «Байқоңыр» бекетінде жаңа жылдық сыйлықтар және қолөнер жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеде жүннен, киізден, күмістен жасалған бұйымдар, бірегей сувенирлер, сондай-ақ қолдан жасалған әшекейлер, құмыралар және ыдыстар сатылымға қойылған. Жәрмеңке 25-26 желтоқсанда сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!
Алматы қаласының тұрғыны Анна Чебакова метрополитеннің 20-миллионыншы жолаушысы атанды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин бойжеткенді құттықтап, метрополитенде тегін жол жүру 1 жылдық абонементін және плазмалық теледидарды сыйға тартты.
Құрметті жолаушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесіне орай және «Satu Fest» фестивалі шеңберінде «АТФБанк» АҚ Алматы қаласы метрополитенінде жолаушыларға тегін жол жүруді қамтамасыз етті.