Бір тәулік ішінде метрополитен құтқарушылары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласының Алатау және Жетісу аудандарында су басумен күресті.
Жалпы авариядан құтқару жұмыстарына 14 метро қызметкері қатысты. Жұмыс кезінде олар 30 тұрғын үйден 1400 текше метр су шығарды.
Құтқару операциясы барысында қосымша жабдық – батпақ мотопомпаларын, сорғыш құбыртүтіктерді, өрт сөндіру құбыртүтіктерін, сондай-ақ шұғыл әрекет ететін автокөлікті пайдаланды.
2016 жылғы бірінші тоқсанда көлік қауіпсіздігі қызметі метрополитендегі ІІБ қызметкерлеріне алып жүруге тыйым салынған заттары бар 153 жолаушыны тапсырды. Осы кезеңге арнайы техникалық құралдар арқылы 530мың жолаушы қарап тексерілді.
Қарап тексеру кезінде анықталған қауіпті заттардың ең үлкен саны (90% жуық) түйрегіш және кесетін қарулар санатына жатқызылады. Негізінде бұл жиналмалы және ас үйде қолданылатын пышақтар. Бұдан басқа балталар мен мачета анықталды.
2016 жылғы 20 сәуірде «Метрополитен» КМК-нің дене шынықтыру- сауықтыру орталығында «Наурыз» мейрамына арналып жүргізілген жарыстардың салтанатты жабылуы өтті. Бір ай ішінде метрополитен мамандары волейбол, мини-фотбол, үстел теннисі және шахматтар сияқты спорт түрлерінде жарысты. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақыларды «Метрополитен» КМК-нің бас инженері Нұрғали Үсенов табыс етті.
2016 жылдың 06 сәуірінен бастап Алматы қаласы метрополитенінде азаматтардың белгілі санаттары – мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және балалы жолаушыларға арналған арнайы орындар бөлінді.Жолаушылар арнайы бөлінген орындарды вагондардың шеткі орындықтарының төбесіне жабыстырылған ақпараттық баннерлер бойынша біле алады. Метрополитеннің бүкіл жылжымалы құрамында барлығы 168 орын қарастырылған.
2016 жылғы 25 наурызда Алматы қ. «Метрополитен» КМК көзі нашар көретін жолаушылар үшін сайт нұсқасын іске қосты.
Сайтты пайдаланушылардың ыңғайлы жұмысы үшін ақпарат қолжетімді, көрнекі және түсінікті үлгіде салынған. Енді көзі нашар көретін жолаушылар метро туралы жаңалықтар оқи алады, метрополитенді пайдалану ережелерімен таныса алады, сондай-ақ директорға сұрақ қоя алады.
Сайттың арнайы нұсқасында мәтін шрифтін өзгерту, бет фонының түсін таңдау мүмкіндігі бар, бұл ретте шрифт түсі фон түсіне байланысты өзгереді.
2016 ж. 14 ақпан мерекесіне орай, Алматы қ. метрополитенінде жолаушыларға «валентинка» түрінде купондар таратылады. Метро логотипі бейнеленген ашық хаттар серіктес компаниядан бірқатар акцияларға жеңілдіктер ұсынады. Бұдан басқа, «Абай» және «Байқоңыр» бекеттерінде мерекелік тақырыпта конструкция орнатылады, соның аясында барлық қалаушылар суретке түсе алады.