Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр пойызы пайдалануға берілді. Бүгінгі күні метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, тұңғыш Президент күні қарсаңында және Алматы метрополитенінің 10 жылдығында Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген Hyundai Rotem Оңтүстік Корея компаниясы шығарған 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға беріледі.

Құрамның ұзындығы-77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ. Температура режимі: -35, +40с.

4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған. 

Жолаушылар сауалнамасы

Құрметті жолаушылар!

Біз клиенттердің қанағаттанушылығына талдау жасаймыз, метро туралы бірнеше сұрақтарға жауап беріңіз! Бізге жақсырақ болуға және сізге одан да жақсы қызмет көрсетуге көмектесіңіз.

 

https://forms.gle/KZEqwg9mDT7ePs6S7 

Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады

2021 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қысқартылады.

Жолаушылар ағынының ұлғаюына және жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.

"Сайран" бекетіндегі № 3 кіреберіс 29 қазаннан 07 қарашаға дейін жабық болады.

Құрметті жолаушылар!

"Сайран" бекетіндегі № 3 кіреберіс, Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында солтүстік-шығыс жағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарына байланысты 2021 жылғы 29 қазаннан 07 қарашаға дейін жабық болады.

Сізден маршрутты алдын ала түзетуді сұраймыз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

 

Метрода пойыздар қозғалысының аралығы қысқарды

27 қазаннан бастап метрода пойыздардың қозғалыс аралығы 8 минутқа дейін қысқарды.

Алматы қаласының метрополитенінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру мақсатында шұғыл уақытта пойыздардың қозғалыс аралығын 8 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

1 маусым-балалар үшін жол жүру тегін

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай метрополитенде 7-15 жас аралығындағы балалар үшін жол жүру тегін.

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021