Жыл сайын жаз уақытында жолаушылар санының азабына байланысты Алматы метрополтенінде электрпойыздардың жазғы қозғалыс кестесі енгізіледі. 2023 жылғы 5 маусымнан бастап электрпойыздар жұмыс күндері 7 минут 45 секунд – 12 минут 24 секунд интервалмен, ал демалыс және мереке күндері 12 минут 24 секунд – 15 минут 30 секунд интервалмен жүретін болады.
2023 жылдың 10 наурызында Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК мамандары бірлесіп Алматы қ. әкімдігінің ШЖҚ «Метрополитен» КМК басшылар мен қызметкерлері арасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы қаласының метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам желіге шығарылады.
Осылайша, метро желісінде 10 құрам қызмет көрсететін болады. Жаңа құрамды енгізу есебінен электр жылжымалы құрам қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 6 минут 12 секундке дейін қысқартылатын болады. Электржылжымалы құрамның онлайн режимдегі қозғалыс кестесімен жолаушылар «Алматы қ. Метрополитені» қосымшасында таныса алады.
2011 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитен ашылды. Сол кезден бері метроның жұмысы тоқтаған емес.
Алдымен «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры» және «Алатау» станциялары іске қосылды.
2015 жылы батыс бағытта тағы да екі станция ашылды - «Сайран» және «Мәскеу».
2022 жылғы мамырда «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» станциялары іске қосылып, енді метро желісі қала орталығын шеткі аудандармен байланыстыратын болды. Осылайша, метро желісінің ұзындығы 13,4 шақырымды құрады.

Бекеттерді іске қосудың салтанатты рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбектері мен қаланың қоғамдық көлігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
«Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе біз күтіп отырған жолаушылар ағынының, 50 мыңнан 85 мыңға дейін өсуінде ғана емес.Қала барынша жайлы болады, бәрімізді толғандыратын трафик , экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз», - деді Ерболат Досаев.
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында метрополитеннің жаңа станцияларының дайындығын тексеріп, олардың техникалық іске қосылуына қатысты.
Жаңа станциялар Алматы метрополитенінің екінші іске қосу кешенінің нысандары болып табылады, оның дайындығы қазіргі кезде 96%-дан асады.
Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» екі станциядан тұрады. Желі учаскесінің ұзындығы – 3.08 км.