Жаңғыру ұлттық өнерден басталады

Бүгін метрополитеннің Алмалы бекетінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен қолөнер көрмесі қала тұрғындарына ұсынылды.

Қариялар Алматы метросында тегін жүреді

Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады.

Алматыда «Менің сүйікті қалам» фотокөрмесі ашылды

Қала күніне орай «Байқоңыр» метро стансасында Алматының бұрынғы келбеті мен бүгінгі бейнесін айшықтайтын «Менің сүйікті қалам» фотокөрмесі ашылды.

 

«Жарнаманы көрсететiн – бiз, ақшасын алатын – бiреу»

Ұлт көшбасшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа арнаған «Қазақ­стан  – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы ел арасында әлi де талқыланып жатыр.

Бейсенбi күнi шаһарымызға Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң жауапты хатшысы Қасым­бек Жеңiс Махмұтұлы арнайы ат басын тiреп, метрополитен кешенi қызметкер­лерiмен жүздестi.

Алматы метросының 10 миллионыншы жолаушысы анықталды

10 миллионшы жолаушы. Бүгінге дейін осынша адамды тасып үлгерген Алматы метросында өзгеше іс-шара өтті. Метрополитен басшылары құрметті жолаушыға тосын сый жасады. 

Телеканал "Астана" 09.07.2013

Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" стансаларының құрылысы 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады

Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" стансаларының құрылысы 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ал, 2016 жылы бір бағыттағы барлық бекеттер салынып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жер асты көлігімен күніне 22 мың адам жүреді екен. Жаңа бекеттердің жұмысымен танысып, метроның жоспарлы бекеттерін көріп қайтқан тілші материалында.

Телеканал Алматы 22.05.2013

«Ғасыр құрылысы»

«Ғасыр құрылысы» деген болады. Соның бірі - Алматының метросы. Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы он алтыншы жерасты жолы. Бұл секілді ауқымды жобаны Тәуелсіздік алғалы әлі көргеніміз жоқ. Ол құсап ұзақ салынған нысанды да білмейміз. 1988 жылы құрылысы басталған екен, содан әлі салынып жатыр.

ТК "Казахстан" 19.05.2013

Жер асты жолына - 1 жыл

Метроның мерейтойына екі мыңға жуық адам жиналды. Жиналған қауым алдында, Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің студенттері лезде зергерлік бұйымдар жасап, түрлі тақырыптағы суреттер салды. Жастар саз балшықтан кішігірім мүсіндер жасауға да шебер екендерін танытты. 

АМАН ИСАҚОВ, АЛМАТЫ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Өйткені ұлт өнері, қолөнері оның мәдениеті,-деп келіп отырмыз. 

Телеканал Алматы 30.11.2012

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023